Көпшілік қандай активті сатып алу керектігін талқылап жатқанда, кәсіби инвесторлар ордердің нарыққа қалай енгізілетініне ерекше мән береді. Жалпы басқаруындағы активтер көлемі 120 триллион АҚШ долларынан асатын электрондық және көп активті нарықтар дәуірінде кейінге қалдырылған ордерлер инвестициялық ниетті тәртіпті орындау стратегиясына айналдырып, базистік тармақтар деңгейінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Төменде тәжірибеде жиі қолданылатын ордерлердің төрт негізгі түрі, олардың жұмыс істеу қағидалары және инвестициялық нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайлар қарастырылады.
1. Buy Limit — баға төмендегенде сатып алу
Қалай жұмыс істейді: актив бағасы алдын ала белгіленген деңгейге дейін төмендеген кезде сатып алу ордері іске қосылады.
Кімдерге пайдалы: нарықтағы баға қозғалысының соңынан қумай, позиция көлемін біртіндеп арттырғысы келетін ұзақ мерзімді инвестициялық қорларға (long-only), отбасылық инвестициялық кеңселерге (family offices) және жоғары таза активтері бар инвесторларға (HNWI).
Практикалық қолданылуы: сатып алу ордерлерін ағымдағы бағадан 0,5–1,0% төмен бірнеше деңгейге орналастыру бағаның қолайсыз ауытқуын азайтып, жоғары құбылмалылық жағдайында нарықтық ордермен бірден сатып алумен салыстырғанда позицияға кірудің орташа бағасын 10–30 базистік тармаққа жақсартуы мүмкін.
Тәуекелдерді басқару: стоп-лосс ордері жақын қолдау деңгейінен төмен, ал тейк-профит ордері орта мерзімді қарсылық деңгейіне немесе мақсатты кірістілікке сәйкес белгіленеді.
2) Sell Limit — баға өскенде сату
Қалай жұмыс істейді: актив бағасы алдын ала белгіленген деңгейге көтерілген кезде сату ордері орындалады.
Кімдерге пайдалы: баға раллиінен кейін пайданың бір бөлігін бекіткісі келетін, әсіресе орташа нарықтық капитализациясы бар компаниялардың акцияларымен (mid-cap) және дамушы нарықтарда жұмыс істейтін инвесторларға. Мұндай нарықтарда ірі мәмілелердің бағаға әсерінен туындайтын шығындар жоғары болуы мүмкін.
Практикалық қолданылуы: сату ордерлерін ағымдағы бағадан 1–3% жоғары бірнеше деңгейге орналастыру өтімділік күрт артқан сәттерде позиция көлемін біртіндеп қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша нарық белсенді кезеңде болған кезде алдын ала жоспарланған стратегия автоматты түрде орындалуы мүмкін.
Тәуекелдерді басқару: егер өсу үрдісі жалғасса және позицияны қысқарту кезең-кезеңімен жүргізілуі қажет болса, қорғаныш ордерлерін негізгі қарсылық деңгейінен жоғары орналастыру стратегияның шарттарына қарай қарастырылуы мүмкін.
3) Buy Stop — баға өсімінің расталуын күтіп сатып алу
Қалай жұмыс істейді: актив бағасы таңдалған деңгейден жоғары көтерілгенде сатып алу ордері іске қосылады.
Кімдерге пайдалы: трендке ілесу стратегияларын қолданатын инвесторларға, CTA қорларына, сандық стратегиялармен жұмыс істейтін трейдерлерге және баға деңгейінің бұзылуына негізделген сауда тәсілдерін (breakout) пайдаланатын қатысушыларға.
Практикалық қолданылуы: инвестор бағаның белгіленген деңгейден жоғары нақты өсуін күту арқылы сатып алу бағасының жоғарылауына саналы түрде келіседі. Мұндай тәсіл импульстік қозғалыс кезінде ордердің орындалу мүмкіндігін арттыруға және тек болжамға негізделген асығыс мәмілелерді азайтуға көмектесуі мүмкін.
Риск-контур: стоп-лосс ордері бағаның бұзып өткен деңгейінен сәл төмен, ал пайда алу мақсаты бағаның болжамды қозғалыс ауқымына немесе құбылмалылық деңгейлеріне сәйкес белгіленеді.
4) Sell Stop — тәуекелді жүйелі бақылау
Қалай жұмыс істейді: актив бағасы алдын ала белгіленген деңгейге дейін төмендеген кезде сату ордері іске қосылады. Бұл — стоп-лосс ордерінің кең таралған түрі.
Кімдерге пайдалы: тәуекелдерді басқару саясатын ұстанатын барлық инвесторларға..
Практикалық қолданылуы: стоп-лосс деңгейлерін алдын ала белгілеу шығынға ұшыраған позицияны үмітпен ұзақ ұстап отыру сияқты мінез-құлықтық қателіктерді азайтуға көмектеседі. Акция және шикізат фьючерстері, валюта нарығы (FX) мен криптоактивтер сияқты құбылмалылығы жоғары құралдарда бұл тәуекелді шектеудің маңызды тетіктерінің бірі.
Тәуекелдерді басқару: пайда алу деңгейі бағаның күтілетін төмендеу аймағына немесе тәуекел мен ықтимал пайда арақатынасына, мысалы, 1:2 не 1:3 қағидасына сәйкес белгіленеді.
Кейінге қалдырылған ордерлер қай жағдайда ерекше маңызды?
- Әлемдік нарықтар және әртүрлі уақыт белдеулері. Инвестор немесе трейдер бағаның әрбір өзгерісін үздіксіз бақылай алмайды. Кейінге қалдырылған ордерлер инвестициялық стратегияны 24/5 немесе 24/7 режимінде орындалатын жоспарға айналдырады.
- Мәміле көлемі және нарыққа әсері. Ірі өтінімдерді бір ғана нарықтық ордермен орындау әрдайым тиімді бола бермейді. Лимиттік және стоп-ордерлерді үйлестіру мәміле тәуекелін бөліп, нарыққа түсетін қысымды және бағаның сырғуын (slippage) азайтуы мүмкін. Бұл әсіресе дамушы нарықтар мен өтімділігі төмен құралдар үшін маңызды..
- Тәулік бойы жұмыс істейтін нарықтар және криптоактивтер. Орталықтандырылған биржаларда лимиттік және стоп-ордерлер кеңінен қолданылады. Олар баға алшақтығы мен түнгі баға қозғалыстарынан туындайтын тәуекелдерді басқаруға көмектеседі, бірақ мұндай тәуекелдерді толығымен жоймайды.
- Активтерді басқару және аудит. Инвестициялық қорлар мен сенімгерлік басқарудағы шоттар үшін стоп-лосс және тейк-профит деңгейлері ресми тәуекелдерді басқару саясатының бір бөлігі болуы мүмкін. Кейінге қалдырылған ордерлер бұл саясатты іс жүзінде орындауға, нәтижелерді қайталап тексеруге және операциялардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Ордерлерді орындау тәртібін сақтау чек-парағы
Мәміле жасамас бұрын негізгі параметрлерді алдын ала белгілеу маңызды.
- Кіру және шығу деңгейлері:баға төмендегенде қай деңгейде сатып алу керек, өскенде қай деңгейде сату керек және қандай жағдайда растауды күту қажет?
- Позиция көлемі: ордерлер арасындағы қадам, бағаның ең аз өзгеру мөлшері және рұқсат етілетін сырғу деңгейі қандай?
- Тәуекел: стоп-лосс арақашықтығы пайызбен немесе ATR көрсеткішімен, тәуекел мен ықтимал пайда арақатынасы және күндік шығын лимиті қандай? Пайыз актив бағасына қатысты белгіленеді. Мысалы, −2% деңгейіндегі стоп-лосс.
- ATR (Average True Range): белгілі бір кезеңдегі баға қозғалысының орташа нақты ауқымын көрсететін индикатор. Көбіне 14 кезең бойынша есептеледі. Ол құбылмалылықты ескеру үшін қолданылады. Мысалы, стоп-лосс арақашықтығы 1,5 × ATR, ал пайда алу мақсаты 2 × ATR болуы мүмкін.
- Өтімділік: орташа күндік сауда айналымы, ордерлер кітабының тереңдігі және құбылмалылық жоғары болатын уақыт аралықтары.
- Ордерді орындау параметрлері: GTC немесе Day мерзімі, ішінара орындалу мүмкіндігі және ордерді бағыттау басымдықтары.
- GTC (Good-Till-Cancelled) : инвестор қолмен алып тастағанға дейін немесе корпоративтік оқиғаға не келісімшарттың аяқталуына байланысты күшін жойғанға дейін белсенді болатын ордер. Нақты қолданылу мерзімі брокер мен биржа ережелеріне байланысты.
- Day — тек ағымдағы сауда сессиясы кезінде жарамды ордер. Сессия аяқталғаннан кейін орындалмаған бөлігі автоматты түрде жойылады.
Неліктен Neomarkets және АХҚО арқылы жұмыс істеу тиімді болуы мүмкін?
- 2066 жылға дейінгі АХҚО-ның салықтық режимі: тиісті талаптарға сәйкес келетін кейбір кірістер мен операцияларға берілетін салықтық жеңілдіктер инвестицияның салықтан кейінгі нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді.
- 0,15%-дан басталатын комиссиялар: қорлар мен отбасылық инвестициялық кеңселерге арналған жеке шарттар ұзақ мерзімді перспективада мәміле шығындарын азайтуға көмектесуі мүмкін.
- 15 000-нан астам қаржы құралы: акциялар, ETF қорлары, облигациялар, фьючерстер, опциондар, валюта құралдары (FX) және цифрлық активтер бір платформада ұсынылады.
- Ордерлердің негізгі түрлерін қолдау: Buy Limit, Sell Limit, Buy Stop және Sell Stop ордерлері, кіріктірілген стоп-лосс пен тейк-профит функциялары, сондай-ақ кәсіби саудаға арналған тәуекелдерді басқару құралдары.
Дұрыс таңдалған ордер түрі, алдын ала белгіленген тәуекел шектері және мәмілені орындау тәртібі инвестициялық стратегияның жүйелілігін арттыруға көмектеседі. Ал нақты нәтижелер нарық жағдайына, құралдың өтімділігіне, баға сырғуына және брокердің орындау шарттарына байланысты болады.